«JAS KEÑES SIYLIĞI» сыйлығы
«JAS KEÑES SIYLIĞI» сыйлығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы болып табылады.

Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі.

«JAS KEÑES SIYLIĞI» 2025 марапатына өтінім беру
Мұнда:
Өтініштер 2025 жылдың 20 шілдесі сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
ТАЛАПТАР
ҚР азаматтары
35 жасқа дейін
JAS KEÑES SIYLIĞI
НОМИНАЦИЯЛАР
3 ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
1-кезең
Өтінімдерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығын техникалық бағалау
2-кезең
Комиссия мүшелерінің келіп түскен өтінімдерді жеке қарауы. Осы кезеңде Комиссияның әрбір мүшесі келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүзеге асырады және әрбір номинация бойынша кемінде 5 кандидаттың тізімін қалыптастырады
3-кезең
Таңдалған кандидаттардың (әр номинация бойынша кемінде 5) Комиссия мүшелерімен офлайн немесе онлайн форматында сұхбаты. Ең көп ұпай жинаған екі үміткер өз номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылады.
«JAS KEÑES SIYLIĞI» сыйлығының 2024 жеңімпаздары
«‎Janqiarlyq»
Аугамбаев Ермек Еспергенович
Алматы облысы ІІД Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімі Шелек ПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты
Саматов Жубаныш Саматұлы
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ Ақтөбе қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері
«‎Önerkäsıp»
Токушев Ернур Болатович
Қазандық жабдықтарының аға операторы «Өскемен ЖЭО» ЖШС
Гумаров Руслан Айдынович
АҚ «Qarmet» «ПУ Энергоуголь» КД «Углесервис» кәсіпорынның 4 разрядты жерасты электромонтері
«‎Altyn jürek»
Амантаева Шырын
ҚҚ "Өмірге сен" Реабилитация, тыныс алуды қолдау және паллиативтік көмек орталығының медбикесі
Бакыткелды Дархан
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКҚК аға фельдшері
«Bolaşaq turaly qamqorlyq»
Әмірәлі Балжан Бегалықызы
Абай Құнанбаев атындағы мектебінде химия пәні мұғалімі
Куянбаева Дана Бакытовна
Астана қаласы «Кадыр» №87 балабақшада тәрбиеші
«‎Adamgerşılık»
Умарова Зульфия Альдибековна
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ-нің арнайы қызметтерге қажеттілігін бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік қызметкер
Вагин Юрий Павлович
«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер
«‎Kömek qoly»
Мукашева Гульмира Муратовна
«Қоғамдық денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша «ВШОЗ» Қазақстан медицина университетінің докторанты
Намелбек Азамат Намелбекұлы
«Жамбыл облысының жастар мәслихаты» ҚБ жетекшісі
«Bızdıñ üi»
Ержанова Александра Игоревна
«Горводоканал» мемлекеттік кәсіпорнының инженер-зертханашысы, Екібастұз қаласы
Зкриянова Зарина Жангировна
«ГСУ Құрылыс» ЖШС сылақшы-сырлаушысы, Павлодар қаласы
JAS KEÑES SIYLIĞI
СЫЙЛЫҚТЫҢ БАС
СЕРІКТЕСІ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІСІ

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

info@jas-kenes.kz